Алаң иелерінің жеңілісі жалғасуда

20.02.2014, 17:20
Алаң иелерінің жеңілісі жалғасуда
     Былтыр да Чемпиондар Лигасының тура осы кезеңде, "Арсенал" мен "Бавария" командаларының жолы түйіскентұғын. Былтырғы кездесуде, қонақта бір голға артық салғанына байланысты ол кезде Юпп Хайнкес баптайтын мюнхендік клуб ары қарай жарыс жолын жалғастырған болатын. Одан бері бір жыл уақыт өтті. Екі ұжымда айтарлықтай өзгерді. "Бавария" Еуропа чемпионы, осы маусымда да ол атағын қорғауға дәмелі, оған сенімді. Әрине, жаттықтырушын Гвардиола сияқты футболдың профессоры сенімді болмай қайтсін? "Арсеналға" келер болсақ, былтырғы маусымдармен салыстырғанда командада өз күшіне деген сенімділік пайда болды. Арсен Венгердің өзі, сұхбаттардың бірінде осы қасиетті ұжым бойына сіңіре алғанын қадап айтқантұғын. Қалай болған күннің өзінде, дәл қазіргі таңдағы Еуропа чемпиондарына қарсы ойын, зеңбірекшілердің өздеріне қаншалықты сенімді екенін анықтап бермек. Ойын кешегі "Этихадтағы" сияқты сылбыр емес, өте үлкен жылдамдықта, қызу басталды. "Арсенал" "Эмерейтстің" қожайыны кім екенін аңғартқысы келгендей. Бірақ, бірінші қауіпті сәт "Бавария" еншісінде. Кроостың шірене тартқан добын, Щенсны өзінің шеберлігінің арқасында қақпа бағанысының тура астынан алып шыға білді. Тағы да дау! "Арсеналдың" шабуылдарының бірінде, төрешілер қателік жіберді. Өзілге қарсы Боатенгтың тәртіп бұзғаны ол даусыз, бірақ сол Өзілдің өзі пас қабылдау кезінде оффсайдта болған. Бас қазы оффсайдқа ысқырық шалмай, Боатенгтың тәртіп бұзғанына ысқырығын шалып Нойер қақпасын пенальти белгіледі. Әділеттілік деген дүние бар екен! Өзілдің пенальтиді өзі орындап, есеп ашуға мүмкіндік алғанымен, Германияның негізгі қақпашысы Нойер соққыны қайтара білді. Өзілге "Бавария" ғана емес, төрешілердің өзі де алғысын білдірсе артықтық болмас. Егер де, сол кезде есеп ашылғанда ойын соңында үлкен дау болары анық еді. Алаң иелері алға шыққаннан кейін, кездесу сценарийі ары қарай қалай өрбитіні белгісіз еді. Осыдай кейін, қаһарға мінген "Бавария" Щенсны қорғаған қақаға тыным бермеді. Ол ерте ме, кеш пе өз жеміс беруі анықтұғын.  Үзіліске он минуттай қалған кезде, Роббенге қарсы Щенсны тәртіп бұзды. Онымен қоймай қызыл қағаз! Былтырғы жеңіліс үшін, есе қайтару арманы көкке ұшқалы тұр "зеңбірекшілердің". Қосалқы құрамдағы Фабьянски Санти Касорланы алмастырды. 11 метрлік нүктеден соққы орындаған Давид Алаба футбол снарядың торда тулату орнына, қақпа бағанасына тепті. Сыйға-сый, сыраға бал деп осындай кезде айтылса керек. Бір ойыншыға кем қалған "Арсенал", қарсылас қақпасының емес, өз қақпасының мәселесін ойлады, екінші таймда. Есеп, көп күттірмей-ақ ашылды. Қонақтарды алға шығарған Тони Кроос. Гвардиола шәкірттері толассыз шабуылдап, матч аяқталуына 2-3 минуттай қалған кезде, Мюллер есепті еселеп, қонақтардың сенімді жеңісіне нүкте қойды. Екі гол басымдылығы бар "Бавария", ширек финалға жолдамаға қол жеткізгені анық... Бірақ, былтырғы Альянс-Аренадағы ойынның нәтижесін білер жанкүйерлер бұнымен келіспеуі, ол да анық..

19 ақпан. Лондон. Стадион "Эмирейтс". 60000 көрермен. Төреші- Никола Риццоли (Италия).

АРСЕНАЛ - БАВАРИЯ - 0:2 (0:0)
 Тони Кроос, 54 (0:1). Томас Мюллер, 88 (0:2).
 Месут Озил, 8 (қақпашы) .Давид Алаба, 40 (қақпа бағанасы).
Арсенал Бавария
 Войцех Щесны  Мануэль Нойер
 Бакари Санья  Филипп Лам
 Пер Мертесакер  Джером Боатенг, 46
 Лоран Косельни  Бонфим Данте
 Киран Гиббс, 31  Давид Алаба
 Алекс Чемберлен, 74  Арьен Роббен
 Джек Уилшир  Хави Мартинес
 Матье Фламини  Тиаго Алькантара, 79
 Месут Озил  Тони Кроос
  Санти Касорла, 39  Марио Гётце
 Яя Саного  Марио Манджукич, 64
Ойын барысында алңға шыққандар:
 Начо Монреаль, 31  Марсио Рафинья, 46
 Лукаш Фабяньски, 39  Томас Мюллер, 64
 Томаш Росицки, 74  Клаудио Писарро, 79

Ескертулер:

 Яя Саного, 55  Джером Боатенг, 8
 Томаш Росицки, 86  Марио Манджукич, 45+2
 Войцех Щесны, 37  
Ал, Миландағы 1/8 финалдағы төртінші кездесуде, Диего Симоне шәкірттері жеңіс тойын тойлады. Матчты ширақ бастаған "Атлетико", шабуылдар ұйымдастырғанымен, Аббьяти қорғаған қақпадан саңылау таба алған жоқ. Ал, бірінші бөліктің аяғына дейін, үзілістен кейін болған мүмкіндіктерін пайдалана алмаған "Милан", ойын сонында қақпаларына гол жіберіп алып, өз жағдайларын қиындатты. Гол авторы- сұрмерген Диего Коста. Енді, Мадридте болатын ойында Зеедорф шәкірттеріне ширек финалға жолдамаға қол жеткізу оңайға соқпас.

19 ақпан. Милан. Стадион "Джузеппе Меацца". 65000 көрермен. Төреші- Педру Проэнса (Португалия).

МИЛАН - АТЛЕТИКО - 0:1 (0:0)
 Диего Коста, 83 (0:1).
Милан Атлетико
 Кристиан Аббьяти  Тибо Куртуа
 Маттиа Де Шильо, 26   Хуанфран
 Даниэле Бонера  Жоао Миранда
 Адиль Рами  Диего Годин
 Урби Эмануэльсон  Эмилиано Инсуа
 Майкл Эссьен   Арда Туран, 74
 Найджел де Йонг  Марио Суарес
 Андреа Поли, 85  Габи
 Кака   Рауль Гарсия, 80
 Адель Таарабт  Коке
 Марио Балотелли, 77   Диего Коста
Ойын барысында алңға шыққандар:
 Иньяцио Абате, 26  Кристиан Родригес, 74
 Джампаоло Паццини, 77   Адриан, 80
 Кевин Констант, 85  

Ескертулер:

 Иньяцио Абате, 44  Эмилиано Инсуа, 20
 Даниэле Бонера, 61  Марио Суарес, 41
 Адиль Рами, 90+1   Диего Коста, 69
    Адриан, 90+3
Қызық статистика, екі күндегі төрт кездесудің бәрінде де қонақтар жеңіске жетті. Тағы бір қызығы, алаң иелері бірде-бір гол салмағаны. Доп айырымы, төрт ойынды қосқанда 0-9!   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×