Даулы да, күмәнсіз жеңіс

19.02.2014, 16:08
Даулы да, күмәнсіз жеңіс
Асыға күткен Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі де келіп жетті. Топтық кезең мен плей-оффтың арасындағы екі айдай үзіліс кезіңде жеребенің нәтижесін біліп, жанкүйерлер іштей болжам жасап жүретіні анық. Ондай болжау жасау құқығына біздің сайттың құрметті оқырмандары да ие болғаны бар. Әрине көбінің сарғая күткен ойыны Тұманды Альбиондағы "Манчестер Сити" мен "Барселона" текетіресі.  Мамандар да, тіпті біздің оқырмандар да "қалалықтарды" бұл ойында фаворит санағаны анық. Себебі, ойынға болжам жасаған оқырмандардың 70 пайызы дерлік "қалалықтардың" жеңісіне сенген. Түсінікті, оған себептер де жоқ емес. Ағылшындардың  қарқыны мықты, құрамда Агуэро болмаса да кез келген қарсыласқа өз алаңында  қиындықтар тудыртады, жаттықтырушылық орындықта тактик-стратег Пеллегрини бар, ал католондықтар Гвардиола кезіңдегі Барса мен салыстыруғы келмейді, психологиялық проблема да жоқ емес, онымен қоса Месси алаңға оралғанымен бұрынғы бабында емес, Мартино болса Чемпиондар Лигасының дәмін осы жылы ғана татуда. Іс жүзінде қалай болып шықты?  Бәрі керісінше. Агуэросыз шабуыл өті айтарлықтай мықты емес екен, Пеллегрини шәкірттерінің. Тіпті, оған да байланысты емес. Мартино Пеллегриниді тактикалық тұрғыдай сағын сындырды. Біткен іске сыншы көп демекші, манкуниандық жанкүйерлердің айтар уәждері де бар. Бас қазы ойын тізгінін өз қолынан шығарып алды, Демикелестің қызыл қағазы әділетті болғанымен, пенальти айып алаң сыртында болды дер. Бірақ, қандай болған күннің өзіңде де "блаугрананың" сенімді, әділетті жеңісімен аяқталды. Енді наурыз айында өтетін қарымта ойыннан ғажайып күтеріміз шамалы. Бұл "Барселона" өз алаңында екі допқа басымдылығын уысынан шығара қоймас.

18 қаңтар. Манчестер. Стадион "Этихад". 47726 көрермен. Төреші - Юнас Эрикссон (Швеция).

МАНЧЕСТЕР СИТИ - БАРСЕЛОНА - 0:2 (0:0)
 Лионель Месси, 54-пенальтиден (0:1). Даниэл Алвес, 90 (0:2).
Манчестер Сити Барселона
 Джо Харт  Виктор Вальдес
 Пабло Сабалета  Даниэл Алвес
 Венсан Компани  Херард Пике
 Мартин Демичелис  Хавьер Маскерано
 Гаэль Клиши  Хорди Альба
  Хесус Навас, 58  Хави
  Фернандиньо  Серхио Бускетс
 Давид Сильва  Сеск Фабрегас, 86
 Яя Туре  Алексис Санчес, 74
 Александар Коларов, 58  Лионель Месси
 Альваро Негредо, 74  Андрес Иньеста
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Джолеон Лескотт, 58   Неймар, 74
 Самир Насри, 58   Серхи Роберто, 86
 Эдин Джеко, 74  

Ескертулер:

 Альваро Негредо, 28  Даниэл Алвес, 23
 Александар Коларов, 37  Хавьер Маскерано, 76
 Мартин Демичелис, 53  
Егер Барселонада болатын ойыннан "Манчестер Сити" жанкүйерлері сәл де болса үміт күтетін болса, ал леверкузендік жанкүйерлердің үміті толықтай үзілді. "БайАренада" Ибрагимович бастаған жігіттер "Байерді" тас-талқан етті. Тіпті бірінші таймда-ақ стадиондағы жанкүйерлер үміті үзілгені анық. Бірінші бөлікте Бернд Лено қорғайтын қақпаға париждіктер жауапсыз 3 гол тоғытты. Матьюди ойынның 3-ші минутында есеп ашса, үзілістің аяғына дейін Ибра дубль еншіледі. Ал үзілістен кейін жақында ғана ағылшындық Ньюкасльден сатып алынған Кабай төртінші голды тоғытып матч нүктесін қойды. Барса бір аяғымен ширек финалда болса, онда париждіктер қос аяғымен ширек финалда. Өкініштісі, плей-офф кезеңінін алғашқы күні біз күткендей талас-тартыстың болмағаны. Әсіресе, "Эттихад" алаңындағы ойыннан күткеніміз мол еді.

18 қаңтар. Леверкузен. Стадион "БайАрена". 29412 көрермен. Төреші - Виктор Кашшаи (Венгрия).

БАЙЕР - ПСЖ - 0:4 (0:3)
 Блез Матюйди, 3 (0:1). Златан Ибрагимович, 39-пенальтиден (0:2). Златан Ибрагимович, 42 (0:3). Йоан Кабай, 88 (0:4).
Байер ПСЖ
 Бернд Лено  Сальваторе Сиригу
 Роберто Хильберт  Грегори ван дер Вил
 Эмир Спахич   Алекс
 Эмер Топрак  Тиаго Силва
 Андрес Гуардадо  Максвелл
 Ларс Бендер  Марко Верратти
 Симон Рольфес, 46  Тиагу Мотта
 Гонсало Кастро  Блез Матюйди, 67
 Сидней Сэм, 62  Лукас Моура
 Штефан Кисслинг  Златан Ибрагимович
  Сон Хюн Мин, 46  Эсекьель Лавесси, 76
Ескертулер:
 Юлиан Брандт, 46  Йоан Кабай, 67
 Штефан Райнарц, 46  Хавьер Пасторе, 76
 Филипп Вольшайд, 62  

Ойын барысында алаңға шыққандар:

 Роберто Хильберт, 15  Блез Матюйди, 4
 Эмир Спахич, 38  
 Андрес Гуардадо, 48  
 Гонсало Кастро, 58  
 Эмир Спахич, 59  

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×