Арменияның “Алашкерт” клубының бас бапкері Ваге Геворгян Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Семейлік “Елімайға” қарсы өтетін матч қарсаңында өз командасының дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Маманның айтуынша, Армениялық клуб Қазақстандық қарсыласын жан-жақты зерттеген және алдағы кездесудің оңай болмайтынын жақсы түсінеді.
“Біз “Елімайдың” ойындарын мұқият талдадық. Қазақстан чемпионаты қазір қызу жүріп жатқандықтан, қарсыласымыз ойын ырғағын жоғалтпаған. Бұл – олардың артықшылығы. Бізде оларды толық зерттеуге мүмкіндігіміз жетеді.” – деді Геворгян.
Сондай-ақ “Алашкерт” бапкері қарымта матчтың Қазақстанда өтетіні олардың жоспарына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты.
“Менің ойымша, екі команда үшін де жағдай бірдей. Иә, “Елімай” өз алаңында жақсы өнер көрсетеді, бірақ бұл шешуші артықшылық болады деп ойламаймын.” – деп атап өтті ол.
Геворгянның сөзінше, команда сапында жарақат алған футболшылар жоқ және барлық ойыншы алдағы кездесуге толық дайын.
Еске салайық, “Алашкерт” пен “Елімай” арасындағы Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матч бүгін яғни 9 шілде (21:00) күні Ереванда өтеді. Қарымта кездесу бір аптадан кейін Семейде ұйымдастырылады.