Ян Вороговский: “Оң нәтижеге жету үшін барымызды саламыз”

Бүгін, 17:35

"Астана" қорғаушысы Ян Вороговский Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Албанияның "Динамо Сити" командасына қарсы өтетін матч алдында өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ян Вороговский: “Оң нәтижеге жету үшін барымызды саламыз”

Қазақстандық футболшының айтуынша, елордалық клуб қарсыластың осал еместігін жақсы түсінеді. Соған қарамастан команда сырт алаңдағы кездесуден оң нәтижемен оралуды мақсат етіп отыр.

“Бізді өте мықты қарсылас күтіп тұр. Білгенімше, бұл – Албаниядағы ең атақты клубтардың бірі. Ұзақ жолға қарамастан, біз ойынға толық дайынбыз. Алаңда бар күшімізді салып, қарымта матч алдында өзімізге тиімді нәтиже көрсетуге тырысамыз. Әрине, біздің мақсатымыз – жеңіс. Қазір ойын кестесі өте тығыз, сондықтан алғашқы кездесуде жеңіске жетіп, басымдыққа ие болғымыз келеді." – деді Вороговский. 

Сондай-ақ қорғаушы командаға жақында ғана қосылған Башич туралы да пікір білдірді.
 

"Ол бүгін ғана келді. Әлі сөйлесіп үлгерген жоқпыз. Қазір бар назарымыз алдағы ойынға дайындалуға бағытталған.” – деп қосты "Астана” футболшысы. 

Қос команда арасындағы матч бүгін түнде Қазақақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×