Қазақстан Республикасының азаматтығын алған босниялық қорғаушы Алдин Джидич қарағандылық «Шахтер» сапынан кетті.
Бұл туралы «PROСПОРТ» тілшісіне ойыншының өзі мәлім етті: «Өкінішке қарай, «Шахтерден» кетемін. Өте өкінішті. Себебі қазір әкімшілікте футболды түсінбейтін адамдар отыр. «Шахтердің» жолы болды, оны Нидергаус басқарып отыр, ол – жақсы адам». – деді Джидич.
«Кеншілер» сапында алты маусым, дәлірек айтқанда Қазақстан чемпионатында жүзден жоғары, сондай-ақ, еурокубокта 20-дан көп матч өткізген Джидич екі рет чемпион атанған «Шахтерден» кетті.