Аустриялық Михрет Топчагич қарағандылық «Шахтер» сапынан кетеді.
Бұл туралы «PROСПОРТ» тілшісіне клубқа жақын дереккөз мәлім етті. Футболшының «кеншілер» сапынан неге кететіні әзірше белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, Топчагич былтырғы жылы да маусым алдында «Шахтерден» кетуге жақын болған, бірақ команда сапында қалды.
Сондай-ақ, «PROСПОРТ» тілшісіне «кеншілерден» қорғаушы Алдин Джидич кетті. Қорғаушы бүгінде Қарағандыда футболды түсінбесе де, оны басқарып отырған адамдар бар екенін айтты.