Алекс Теллес «Манчестер Юнайтедке» ауысты

06.10.2020, 05:21
27 жастағы қорғаушы пенальтиді де керемет орындай алады.
Алекс Теллес «Манчестер Юнайтедке» ауысты

«Манчестер Юнайтед» ресми сайтында "Портудың" бразилиялық қорғаушысы Алекс Теллестің ауысқанын жариялады. Футболшының "манкуньяндықтармен" келісімшарты бес жылға жарамды.

"Манчестер Юнайтед" сияқты клубқа қосылу мен үшін үлкен мақтаныш. Бұған жету үшін көп жұмыс істеу керек. Мен командамен бірге жетістікке жету үшін қолымнан келгенінің бәрін істеймін деп уәде бере аламын», - деді Теллес.

Теллес "Портуға" 2016 жылдың жазында "Галатасарай" клубынан ауысып келген. Трансфер сомасы 6,5 миллион еуроны құрады. Биылғы маусымда 27 жастағы бразилиялық ойыншы Португалия чемпионатының үш матчына қатысты (үшеуі де - негізгі құрамда), екі голдың авторы атанды (екеуі де - пенальтиден). Футболшының клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жасалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×