«Бавария» бірден үш ойыншымен толықты

06.10.2020, 05:44
Ханс Дитер-Флик командасының шабуыл шебін күшейтті.
«Бавария» бірден үш ойыншымен толықты

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Эрик Шупо-Мотинг «Бавария» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Мюнхендік клубтың ресми сайты.


31 жастағы футболшы «Баварияға» еркін агент ретінде ауысты. Форвард клубпен 2021 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған.

«Бундеслигаға оралғаныма, әсіресе Германияның ең мықты клубына ауысқаныма өте қуаныштымын. "Бавария" үшін кім ойнағысы келмейді? Бұл клубта ойнау үлкен мәртебе. "Баварияда" әрдайым бәрін жеңу деген мақсат тұрады, мен бұл мақсатқа жеткім келеді», - деп келтіреді клубтың баспасөз қызметі Шупо-Мотингтің сөзін.

Шупо-Мотинг ПСЖ-да 2018 жылдан бері ойнайды. Өткен маусымда ол Лига 1-де 9 ойын өткізіп, 3 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Ол бұған дейін "Гамбург", "Нюрнберг", "Майнц", "Шальке 04" және "Сток Сити" клубтарында ойнаған.

Туриндік «Ювентус» клубының бразилиялық жартылай қорғаушысы Дуглас Коста «Бавария» ойыншысы атанды.


Мюнхендік клуб футболшыны 2021 жылдың жазына дейін жалға алды. Коста бұған дейін «Баварияда» 2015 жылдан 2017 жылға дейін ойнаған. Мюнхендік клубтың құрамында жартылай қорғаушы екі рет Германия чемпионы атанды.

«Мен "Баварияға" келгеніме өте қуаныштымын. Бұған дейін Мюнхенде керемет уақыт өткіздім. Біз тағы да трофейлерді жеңетінімізге сенімдімін», - деді 30 жастағы Коста.

Коста «Ювентусқа» 2017 жылдың жазында «Бавариядан» 6 миллион еуроға жалдау шарты бойыншы ауысқан еді. Бір жылдан кейін италиялық клуб футболшыны 40 миллион еуроға сатып алды.

Биылғы маусымда 30 жастағы Коста Италия чемпионатында екі ойын өткізіп, тиімді әрекетпен көзге түсе алмады.

«Бавария» ресми сайтында «Марсельдің» қорғаушысы Буна Саррдың трансфері туралы хабарлады.


Футболшының Мюнхендік клубпен келісімшарты 2024 жылға дейін жасалған.

«Буна Сарр - бұл біздің ойынымызға сәйкес келетін қорғаушы. Мен оның «Баварияға» көмектесетініне сенімдімін. 28 жаста болғанына қарамастан, ол тұрақты және тәжірибелі футболшы, және Буна біздің клубта дами береді деп сенеміз», - деді «Бавария» клубының спорт директоры Хасан Салихамиджич.

Сарр «Марсельде» 2016 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда қорғаушы Франция чемпионатының 27 матчына қатысып, 1 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×