Александр Меркель «Аль-Фейсали» клубына ауысты

14.09.2020, 14:07
Келісімшарт мерзімі - 2+1 жыл.
Александр Меркель «Аль-Фейсали» клубына ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель "Аль-Фейсали" клубына ауысты.

28 жастағы жартылай қорғаушы медициналық тексеруден сәтті өтіп, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

Меркель мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін еді. Ойыншы "Сочиге" ауысуға жақын еді, бірақ клуб таңдауды «Динамоның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Артур Юсуповтың пайдасына жасады. Себеп - келісімшарттың қаржылық шарттары.

Меркельдің соңғы клубы "Хераклес" болды, бұл клуб үшін Меркель 2018 жылдан бері ойнады. Өткен маусымда ол 25 матч өткізіп, екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Меркель «Милан» сапында 2009-2011 жылдары да ойнады, содан кейін ол "Дженоаға" 6,5 миллион еуроға сатылды. Голландиялық клубқа келгенге дейін ол австриялық «Адмира», германиялық «Бохум», италиялық «Удинезе» және «Пиза», швейцариялық «Грассхопперс» және англиялық «Уотфорд» командаларында ойнады.

2007-2011 жылдар аралығында футболшы Германияның әр түрлі жастағы құрамаларында ойнады, оның U-19 командасындағы дебюті Чехия құрамасымен болған матчта өтті (1:1), онда Меркель бір гол соқты. 2015 жылы Меркельдің Қазақстан құрамасында ойнауға келіскені белгілі болды. Содан бері ол ұлттық құрамада үш матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×