Қызыл қағаз жауған матч

14.09.2020, 13:55
Тухель шәкірттері екінші матч қатарынан жеңіліске ұшырады.
Қызыл қағаз жауған матч

Франция чемпионатының 3-тур матчында «Пари Сен-Жермен» «Марсельге» есе жіберді.

Кездесу «Парк де Пренс» стадионында өтіп, 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Жалғыз голды кездесудің 31-ші минутында Флорьян Товен соқты.

Матч соңында командалар арасында жанжал туындап, нәтижесінде бес ойыншы алаңнан қуылды: Неймар, Дарио Бенедетто, Леандро Паредес, Жордан Амави және Лейвин Курзава. Сондай-ақ бұл ойында 14 сары қағаз көрсетілді.

3 турдан кейін "Марсель" 6 ұпаймен бесінші орында келеді. ПСЖ (0 ұпай) 18 орында. Екі команда да екі матчтан өткізді.

Карантиннен шыққан "Пари Сен-Жермен" футболшылары Неймар, Анхель Ди Мария және Леандро Паредес бұл матчқа қатыса алды. Ал Килиан Мбаппе, Мауро Икарди және Маркиньос әлі де болса карантинде жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×