Александр Меркель жаман жаңалықпен бөлісті

11.02.2023, 19:30
Александр Меркель жаман жаңалықпен бөлісті


Жартылай қорғаушы Александр Меркель Meta-ratings.kz порталына өнер көрсететін командасыз қалдым деп айтқан екен.

Ол алғашында былай деп еді:

"Хатайспор" мен "Газиантеп" маусымды ары қарай жалғастыра алмауы мүмкін. Біз болып жатқан жағдайдың қандай бағытта өрбіп кетуін білмейміз. Тақым қысып, клубтан хабар күтіп отырмыз. Егерде "Газиантеп" жазға дейін алаңға шыға алмаса, жаңа команда іздеуге тура келеді. Жағдай ешкімнің пайдасына шешіліп жатқан жоқ. Не болсада күту керек".

Уақыт өте Меркель "Газиантеп" үшін маусым аяқталды деп жаңағы мәлімдемесіне қоса кетті:

Жартылай қорғаушы "Газиантеп" ұжымында 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда ол барлығы 18 ойынға қатысты. Отандасымыздың командасы түрік Суперлигасында 11 орында тұрақтап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×