«Мақтаарал» ФК «Тараз» ойыншыларынан жасақталып жатыр

11.02.2023 17:43 ҚПЛ

«Мақтаарал» ФК «Тараз» ойыншыларынан жасақталып жатыр


Абзал Таубай Түркістан облысының ұжымына келіп қосылды

Орталық жартылай қорғаушы соңғы рет "Тараз" ФК өнер көрсеткен болатын. Онда ол өткен маусым қорытындысы бойынша 26 ойын өткізіп, 3 голдық пас берді. Таубай жамбылдық ұжым сапында 2014 жылдан бері доп теуіп келе жатыр. 

Бұған дейін, "Мақтаарал" "көк-ақтардың" екі ойыншысымен келісімшартқа отырған болатын.

Түркістан облысының командасына алғаш болып Жамбыл жерінен Нұрлан Дайыров келді. Премьер-Лигада үлкен тәжірибесі бар қорғаушы "Тараз" сапына 2022 жылы келген болатын. Онда ол барлығы 30 ойын өткізді. 

Одан кейін, "ақ-жасылдар" қатарын Жалғас Жақсылықов толықтырды. Жас қорғаушы жамбылдық ұжымның намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Футболшы ҚПЛ өткен маусым қорытындысы бойынша 19 матчта алаңға шыққан.

0 пікір