Александр Мокин: «Осындай матчта жеңіске жетудің өзі мәртебе»

04.03.2021, 04:07
Мокин пенальти сериясында екі сейв жасап, командасына жеңіс сыйлады.
Александр Мокин: «Осындай матчта жеңіске жетудің өзі мәртебе»

"Қайратпен" болған ойыннан кейін қостанайлық "Тобыл" клубының қақпашысы Александр Мокин шағын сұхбат берді:

– Алдымен, Қостанай облысының жанкүйерлерін осындай маңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Ойын өте мазмұнды және қызықты өтті.

Алғашқы минуттардан бастап біз ауыр матчқа дайындалдық. "Қайрат" – жоғары дәрежедегі орындаушылары бар жақсы команда, бірақ бүгін біз озық шықтық. Осындай оңайға соқпайтын матчта жеңіске жетудің өзі мәртебе.

Жігіттер өздерінің шынайы қуанышын көрсетті. Олар үшін қуаныштымын. Өкінішке орай, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты біздің жанкүйерлер бүгін "Тобылдың" матчына келе алмады, бірақ біз олардың қолдауын сездік. Баршаңызды биылғы алғашқы жеңісімізбен құттықтаймын!

"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×