Асхат Тағыберген: «Олар Бундеслигадан біреуді сатып алды, бірақ футбол - бұл ұжымдық ойын»

04.03.2021, 04:49
Асхат «Тобыл» сапындағы дебюттік матчында алғашқы голын соқты.
Асхат Тағыберген: «Олар Бундеслигадан біреуді сатып алды, бірақ футбол - бұл ұжымдық ойын»

"Тобылдың" жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген "Қайратқа" қарсы өткен Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалдық матчында басты қаһармандардың біріне айналды. Vesti.kz сайтына берген сұхбатында ойыншы өзінің соққан голы туралы, қостанайлық клуб сапында жеңіске үлкен үлес қосқан ойыншының кім болғанын және алдағы "Астанамен" өтетін финал жайлы айтты.

- Асхат, ойын қос команданың алма-кезек шабуыл жасауы арқылы өтті, бұған не себеп?

- Бұл көктемгі футбол, біз соңында аздап шаршадық, өйткені бірер күн бұрын оқу-жаттығу жиындарынан келдік. Бірақ меніңше, Суперкубок матчтары осындай болуы керек, әсіресе жаңа форматта. Жақсы матч болды, бізге сәттілік жолдас болды. Ия, бізде жұлдызды ойыншы жоқ, бірақ біз бір командамыз, біз отбасымыз.

- Неліктен олар "Қайратқа" келгенде жұлдызды ойыншылар туралы жиі айтады?

- Ия, олар туралы осылай дейді, Вагнерді мақтайды, олар Бундеслигадан біреуді сатып алды. Бірақ футбол - бұл ұжымдық ойын, біз оны дәлелдедік.

- Сіздің голыңызға келер болсақ, Косович осылай қателеседі деп күттіңіз бе?

- Иә, мен қысым кезінде оның қателесетінін білдім. Бірақ бұл тактикалық тапсырманың бөлігі емес, тек интуиция болды.

- Есеп "Тобылдың" пайдасына 3:2 болған кезде, ойын тағдыры шешілді деген ойлар болды ма?

- Жоқ, біз үлкен қысымға ұшырадық, бірақ мен гол жібереміз деп ойламасам да, Алықұлов шынымен әдемі гол соқты. Одан кейін пенальти сериясы болды, біз бұл сәтте өзімізге сенімді болдық. Біз бұл жеңіске лайықпыз, бірақ мен "Қайрат" командасын ренжіткім келмейді, көп еңбек еткен команда жеңді десек те болады.

- Мокин 40 жаста, ол пенальти сериясында жақсы өнер көрсетті және оны матчтың қаһарманы деп айта аласыз ба?

- Біз ешкімді жеке-жеке бөлмейміз, өйткені мен бірінші кезекте біз бір командамыз деп айтқан болатынмын. Бірақ "ағай" бәрінен бұрын бұл жеңіске лайық болды.

- Демек, Мокин сіз үшін "ағай" ма?

- Ия, біз оны осылай атаймыз.

- "Тобылдың" көптеген ойыншылары мен бас бапкері бұған дейін "Астананың" құрамында болған. Финал - бұл супер принципиалды матч бола ма?

- Әңгіме принциптерді ұстану туралы емес, бұл Суперкубоктің финалы, кубок сарапқа салынатын ойын, біздің міндетіміз - жеңіске жету және жанкүйерлерге осы титулды ұсыну.

- Көптеген көшбасшылардың "Астанадан" кетуін ескере отырып, сіз команданың деңгейін басқаша қабылдайсыз ба?

- Жоқ, бағаны төмендетпеу керек, біз алаңда бәрін дәлелдеуіміз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×