«Тобыл» бас бапкерінің міндетін атқарушы маман Александр Москаленко Хорватия журналистерінің сұрақтарына жауап берді:
– Бізді кез-келген жақсы ойын нәтижесі қанағаттандырады. «Хайдуктің» Еуропадағы тарихы терең, дәстүрі нық клубтардың бірі екенін жақсы білеміз. Бізге қорғаныста да, шабуылда да жинақы, жүйелі түрде ойнау қажет екенін айтқым келеді. «Хайдук» агрессивті ойын көрсете алады, құрамында жақсы орындаушылар бар. Биылғы маусымда командаға жаңа ойыншылар келді. Қарсыластар сапынан 10 және 77 нөмірлі футболшылар (Марко Ливая, Эмир Сатихи) командасының шабуылын өте жақсы ұйымдастырады.
Ертеңгі кездесу жанкүйерлердің қатысуымен өтеді. Бұл екі командаға да қосымша серпін береді. Өйткені, кез-келген футболшының бос стадионда ойнағысы келмейтіні анық.
Біздің серіктес: FONBET