«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко Премьер-лиганың 25-турындағы «Шахтерге» қарсы матчтан соң пікірімен бөлісті:
– «Шахтермен» ойын алдында біз белгілі бір мәселелерге тап болдық: бірі ескерту қағаздарына байланысты алаңға шықпаса, енді бірі жарақат алып қалды. Сол үшін де тактика мен ойыншылардың алаңдағы позициясын өзгерттік. Мұндай ойында біз команда ретінде барлық компоненттерде анағұрлым сапалы футбол көрсетуіміз тиіс, көп асығыстық танытып, жылдам гол соғуды қаладық, соның кесірінен өз ойынымыздан ажырап қалдық.
Жанкүйерлер секторына аренадағы атмосфера үшін көп рахмет айтқым келеді. Командадағы жігіттерге және бізбен бірге болған барлық адамдарды жеңіспен құттықтаймын! Бүгінгі нәтиже – тарих, футболда ешкім тарихпен өмір сүрмейді, тек болашақ ойынмен өмір сүру керек. Алда бізді өте қиын матч күтіп тұр.
Біздің серіктес: FONBET