«Барселона» жанкүйерлері Рональд Куманға шабуыл жасады

25.10.2021, 16:05
Клуб жанкүйерлерге қатысты шара қолданатынын хабарлады.
«Барселона» жанкүйерлері Рональд Куманға шабуыл жасады

"Барселонаның" жанкүйерлері Эль-Класикода "Реалдан" 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін бас бапкер Рональд Куманға қысым көрсетті.

Испания чемпионатының 10-шы туры аяқталысымен Куман көлігіне отырып, "Камп Ноу" стадионының көлік тұрағынан шығып кетті. Бірақ голландиялық бапкерге наразылық білдірген жанкүйерлер бапкердің көлігін тоқтатып алды.

"Барселона" жанкүйерлері көлікті ұрып, Рональдтың кетуіне кедергі жасаған. Жаттықтырушы біраз күтіп тұрды да, ақыр соңында наразы жанкүйерлерден құтылып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×