«Қайрат» «Астананы» жеңгені үшін 235 мың долларға ие болды

25.10.2021, 18:01
Үшінші тарап жеңіс үшін қомақты көлемде сыйақы уәде еткен көрінеді
«Қайрат» «Астананы» жеңгені үшін 235 мың долларға ие болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, алматылық «Қайрат» Қазақстан чемпионатының 25-турында «Астананы» жеңгені үшін 235 мың доллар (100 миллион теңге) пайда тапты.

Бейресми ақпарат бойынша, үшінші тарап «Қайратқа» жеңіске жеткен жағдайда қомақты қаржы беруді уәде еткен.

Құрбан Бердыев шәкірттері жеңіске жеткендіктен қостанайлық «Тобыл» турнир кестесінде бірінші орынға шықты және чемпион болуға жақсы мүмкіндіктері бар.

«Астана» чемпион атану үшін Премьер-лиганың соңғы турында «Тұранды» жеңіп, «Тобылдың» «Ақжайыққа» қарсы ойында сәтсіздікке ұшырауын күту керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×