Александр Москаленко: «Команда мінез көрсетіп, оң нәтижеге қол жеткізе білді»

23.09.2021, 15:53
Қостанайлық клуб қос матчтың қорытындысы бойынша «Қызыл-Жарды» 2:0 есебімен ұтты.
Александр Москаленко: «Команда мінез көрсетіп, оң нәтижеге қол жеткізе білді»

"Тобылдың" бас бапкері Александр Москаленко "Қызыл-Жармен" өткен кездесуден (1:0) соң пікірімен бөлісті: 

– Кубок ойындарынан әрдайым тосынсый күтуге болады, төменгі дивизиондағы командалардың әлеуеті мықты ұжымдарды ұтқанын талай рет көргенбіз. Бізді алда тығыз ойындар кестесі күтіп тұр, бүгін біз түрлі себептермен алаңға шықпаған жігіттерге мүмкіндік бердік. 

Иә, біз кубок бәсекесінде келесі кезеңге өттік, бірақ мұның бәрін тезірек ұмытып, алда болатын басқа да ойындарға дайындалу қажет. 

Бүгін команда мінез көрсетіп, оң нәтижеге қол жеткізе білді. Ойынның әр бөлігіндегі олқылықтардың орнын толтыру қажет. Команда ретінде дамуымыз керек. Жанкүйерлерге алаңдағы атмосфера үшін алғыс айтамын. Оларды келесі кезеңге өткенімізбен құттықтаймын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×