Александр Москаленко: «Кубок ойындары әрқилы өрбиді» 

17.07.2021, 19:17
Кешегі ойында Тони Сильва мен Зоран Тошич көзге түсті.
Александр Москаленко: «Кубок ойындары әрқилы өрбиді» 

"Тобыл" бас бапкерінің міндетін атқарушы Александр Москаленко «Атырауға» қарсы ойын (2:0) жайлы пікірімен бөлісті: 

— Кубок ойындары әрқилы өрбиді, оған түрлі мысалдар келтіруге болады. Мәселен, төменгі дивизондарда өнер көрсететін командалардың финалға дейін жетіп, жеңгеніне де куә болғанбыз. 

Біз қандай қарсыласпен ойнайтынымызды жақсы білдік. "Атырау" ұжымының әр шебінде жүйелі ойын қалыптасқан. Матчтың өзіне келетін болсақ, біздің жігіттер гол соғатын сәттерді мүлт жібермеуі тиіс. Шабуылды ұйымдастыру кезінде де, тактикалық тұрғыда да қателіктердің болғаны рас. Осы олқылықтардың орнын толтырып, тек алға жылжуымыз қажет.

Барша жанкүйерлер секторын осы жеңіспен құттықтаймын. Сіздердің қолдауларыңыз кешегі ойында сезілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×