Александр Седнев: «Бір ғана сәт ойынды овертаймға апарды»

01.09.2022, 19:08
Шымкенттік клуб пенальти сериясында «Қайсарды» 4:1 есеюімен ұтты.
Александр Седнев: «Бір ғана сәт ойынды овертаймға апарды»

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан кубогінің ширек финалында «Қайсармен» болған матч жайлы өз ойын ортаға салды:

- Классикалық кубок ойыны, сценарийдің қалай болатынын ешкім білмеді. Матч сапалы болмаса да, өте шиеленісті болды. Біз басымдыққа ие болып, қауіпті сәттер жасадық, бірақ бір ғана сәт ойынды овертаймға апарды. Лотереяда сәттілік бізге жолдас болды. Ойыншыларыма алғыс айтамын, соңғы жеңілістен соң оларға психологиялық тұрғыдан қиын болды. Осындай ауыр ойында қосымша күш тапқандарына қуаныштымын.

«Қайсарға» келсек, команда жақсы әсер қалдырды, олардың ойындарын көріп, топтан шыққандары сәйкестік еместігін байқадық. Әсіресе мұндай жағдайда футболшылар қосымша қуат пен мотивацияға ие болады. Өз тарапымнан оларға чемпионатта сәтті өнер көрсетуді тілеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×