Сұлтан Әбілдаев: «Біз жеңілген жоқпыз»

01.09.2022, 19:17
Кешегі ойынға «Қайсардың» 8 түлегі қатысқан екен.
Сұлтан Әбілдаев: «Біз жеңілген жоқпыз»

«Қайсардың» бас бапкері Сұлтан Әбілдаев «Ордабасымен» болған тартысты матчтан кейін өз ойымен бөлісті.

- Ең алдымен «Ордабасы» командасын келесі кезеңге өтуімен құттықтаймын. Матчқа тоқталатын болсақ, бастысы біз жеңілген жоқпыз. Пенальти сериясында сәттілік қонақтар жағында болды. Әрине, пенальти дегеніміз - лотерея. Сондықтан шәкірттеріме ренішіміз жоқ. «Қайсардың» күнтізбесі өте тығыз орналасқан. 11 күннің ішінде 4 ойын өткізуге тура келді. Сол себепті құрамға ротация жасадық. Бүгін клубтың 8 түлегі алаңға шықты. Сегізі де сенімді толықтай ақтады. Бұл сәтсіздікке мойынсынбай алдағы жауапты кездесулерге нық дайындықпен шығамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×