«Ливерпуль» «Ювентус» футболшысын жалға алды

01.09.2022, 22:40
Келісім-шартта сатып алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
«Ливерпуль» «Ювентус» футболшысын жалға алды

Туриндік «Ювентустың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Артур Мело «Ливерпульге» ауысады.

Италиялық журналист Фабрицио Романоның айтуынша, жартылай қорғаушы «Ливерпульге» сатып алу мүмкіндігінсіз жалға беріледі. Ойыншы бүгін медициналық тексерістен өтіп, келісім-шартқа қол қояды.

«Ювентустың» бас бапкері Массимилиано Аллегри бұл маусымда бразилиялық футболшыға сенбейтінін айтқан. Туриндік клуб оның орнына ПСЖ-ның аргентиналық жартылай қорғаушысы Леандро Паредесті жалға алды.

26 жастағы Артур өткен маусымда «Ювентус» үшін 31 ойынға қатысқан. Ал осы маусымда алаңға шыққан жоқ. Оның туриндік клубпен келісім-шарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×