Александр Седнев: «Біз қазір көптеген ойыншылардың профильдік позицияларын өзгертудеміз»

20.02.2021, 18:23
Кешегі ойында Бриджидо, Пауло (2) және Сұлтаниязов көзге түсті.
Александр Седнев: «Біз қазір көптеген ойыншылардың профильдік позицияларын өзгертудеміз»

Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Динамо Батуми» (4:2) клубымен болған жолдастық ойын туралы өз пікірін білдірді:

- Біз жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз, бізге тағы бір жақсы қарсылас төтеп берді. Біз бұған дейін ойнаған барлық 4 команданың әртүрлі ойын стильдері мен дайындықтары бар. Сол себепті бізге бүгін оңай болған жоқ, оған қоса, матч бойы өте қатты жел болып, әр таймда бір командаға өз көмегін тигізді.

Жедел түрде 3 гол соғу қолымыздан келді, сондай-ақ біздің қақпамызға тағы бір күдікті пенальти белгіленді. Осыдан кейін командада кішігірім қиындықтар туындады және біз соғылған голға қарсы лайықты әрекет жасамадық, ол әрине маған ұнамады, соның салдарынан біз екінші голды да жіберіп алдық.

Бірақ бәрібір де біздің футболшыларымыз жарады, кездесу біздің оқу-жаттығу жиынындағыдай өте қиын жүктемелі деңгейде өтсе де, ойыншыларымыз допты өз бақылауында ұстады. Матч соңында ойынды тыныштандыратын және бүкіл сұраққа жауап берген голды соқтық. Біз төртінші голды жас футболшымыз Султаниязовтың соққанына қуаныштымыз, ол ОЖЖ кезінде мүмкін емес нәрсенің жоқ екенін дәлелдеді.

Жеңіске және ойыншылардың жұмысқа деген көзқарасына өте қуаныштымыз, ойын қиын болды, олар психологиялық және физикалық ауыртпалықтардан өтті. Бірақ біз бар күш-жігерімізді салып ойнадық. Біз қазір көптеген ойыншылардың профильдік позицияларын өзгертудеміз. Бұл басқа да ойыншылардың сол позицияда қалай ойнайтындығын тексеру үшін емес. Біріншіден, біз ойыншыға оның позициясын қателіктерді көп жібермес үшін басқа жағынан көрсеткіміз келеді. Біз футболшыларымыздың әмбебап ойыншыға айналуын қалаймыз.

Кездесулер - бізге ойыншылардың демалыстан кейінгі функционалды жағдайын қалыпқа келтіруге көмектесетін бірден-бір нәрсе. Бізде әлі ол үшін біраз уақыт бар. Күн сайын біз әрқайсысының функционалды жағдайын бақылап отырамыз. Олардың матч барысындағы реакциясына қарап, бір жағынан ойынды ұйымдастырумен айналысамыз. Ойын мәнерлерін өзгертіп көрудеміз және оған ойышылардың қалай үйренісетінін бақылаудамыз. 

"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×