Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы анықталды

20.02.2021, 17:50
Екі ойыншы да өз командасының жеңісіне үлкен үлес қосты.
Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы анықталды

"Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасындағы аптаның үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды УЕФА сайты.

22 жастағы француз шабуылшысы дауыс беру кезінде Эрлинг Холандты ("Боруссия Дортмунд"), Мохамед Салахты ("Ливерпуль") және Сержиу Оливейраны ("Порту") артқа тастады. Еске салайық, Мбаппе "Барселона" қақпасына үш гол соққан болатын.

"Манчестер Юнайтедтің" шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Бруно Фернандеш УЕФА Еуропа Лигасындағы аптаның үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды турнирдің ресми сайты.

26 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы "Реал Сосьедадпен" (4:0) болған матчта дубль жасады. Бұл кездесуден Маркус Рэшфорд пен Дэниэл Джеймс те голсыз кетпеді.

Фернандеш дауыс беру барысында Гарет Бэйл ("Тотьенхэм"), Мунас Даббур ("Хоффенхайм") және Бруно Петковичті ("Динамо Загреб") басып озды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×