«Ақжайық» Ресей жастар құрамасының бұрынғы ойыншысын қатарға қосты

20.02.2021, 17:28
Ол атақты футболшының немересі болып табылады.
«Ақжайық» Ресей жастар құрамасының бұрынғы ойыншысын қатарға қосты

"Ақжайық" футбол клубы Сергей Шустиковпен келісім-шартқа отырды. 31 жастағы қорғаушы Мәскеу футболының түлегі. Кәсіби мансабын 2008 жылы "Крылья Советов" клубында бастады.

Сондай-ақ "Химки" (Дзержинск), "Ростов", "Волга" (Ульяновск) командаларында ойнады. Соңғы бес маусым бойы мәскеулік "Торпедоның" намысын қорғады. Оның Ресей жастар құрамасында өткізген бір кездесуі бар.

Сергей - аңызға айналған Виктор Шустиковтың немересі (Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері - 1964 ж., "Торпедоның" аңызы), сонымен қатар "Торпедодан" бөлек, испаниялық "Расинг" пен "Осасуна" клубтарында ойнаған Сергей Шустиковтың ұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×