Александр Седнев: «Маған алаңға ауруы бар ойыншылар шыққан секілді көрінді»

02.05.2022, 18:01
Шымкенттік клубтың бапкері үшін бұл іш пыстырарлық ойын болды.
Александр Седнев: «Маған алаңға ауруы бар ойыншылар шыққан секілді көрінді»

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Атыраумен» болған ойын (2:1) жайлы пікірін айтты:

- Бұл ойындарға қандай пікір білдірерімді білмеймін. Жанкүйерлердің тек ойын есебіне көңілдері толған шығар, себебі үзілістер, доптардан қайта-қайта айырылу жалықтырады. Мұндай ойындарды ойнау қиын, олар қызығушылықты арттырмайды. Екі бірдей қателік жіберіп, екі гол өткіздік. Алаңда одан басқа қызық болмады, толассыз күрестер мен жүгіру. Ойынды болжау қиын, маған командамның қалай ойнайтыны маңызды. Қайталап айтамын, ойын өте жай өрбіді, оған үзілістер кінәлі деп ойлаймын. Маған алаңға ауруы бар ойыншылар шыққан секілді көрінді, біреуінің сіңірі тартылып, екіншісі допты қанша іздесе де таба алмай жатты. Қандай қызықтар жайлы айтуға болады? Мұнда ешқандай ерекшелік жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×