«Барселона» «Валенсия» футболшысына көз тікті

02.05.2022, 20:24
Испаниялық футболшы биыл нәтижелі маусым өткізуде.
«Барселона» «Валенсия» футболшысына көз тікті

«Валенсияның» жартылай қорғаушысы Карлос Солер жаңа маусымнан бастап «Барселонаның» намысын қорғайды. Бұл туралы AS порталы хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, «Барселона» 25 жастағы футболшыны 20 миллион еуроға алмақшы болған, алайда «Валенсия» бұл ақпаратты жоққа шығарады.

Солер - «Валенсияның» түлегі. Жартылай қорғаушы осы маусымда 34 ойынға қатысып, 12 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.

Солер мен «Валенсия» арасындағы келісім-шарт келесі маусымның соңында аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×