Нұралы Әліп: «Эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес»

02.05.2022, 23:28
Нұралы Ресей чемпионы атанған екінші қазақстандық ойыншы атанды.
Нұралы Әліп: «Эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес»

Ресей чемпионы атанған «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп өз эмоциясымен бөлісті, деп хабарлайды Матч ТВ:

- Эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Ресей чемпионы атану - бұл мүлдем басқа деңгей! Әсіресе «Зенитпен»! Мен өте бақыттымын!

- Қазақстан тарапынан қандай реакция болды?

- Киім ауыстыратын бөлмеде тойлап жатқанда, телефоныма тыным болмады, бірақ мен сол сәтте көптеген құттықтаулардың келіп жатқанын сездім. Шынымен де солай болды.

- Киім ауыстыратын бөлмеде Сіз өзіңізді өте қарапайым ұстадыңыз.

- Оның алдында қатты айғайлағаным сонша, тамағым сәл қарлығып қалды (күлді). Шын мәнінде, өте бақыттымын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×