Александр Седнев: «Мен жастарға сенім артуды жалғастырамын»

22.02.2021, 02:22
«Ордабасы» Седневтің басшылығымен үш матчта жеңіске жетіп үлгерді
Александр Седнев: «Мен жастарға сенім артуды жалғастырамын»

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстанға оралу, команданы нығайту және маусымға деген тапсырмалар жайлы айтты:

- Александр Сергейұлы, Қазақстанға оралуыңызбен! Жай-күйіңіз қандай?

- Рахмет! Маған тек жақсы әсер қалдырған елге қайта оралдым. «Ақтөбеде» екі жыл жұмыс істедім. Клуб, қала мен ел де мені өте жақсы қабылдады. Мұны барлық бапкерге тілер едім. Болған қиындықтарға қарамастан, қолдан келгенше жұмыс жасап жатырмыз.

- Беларуссиялық БАҚ өкілдері сізді «Тобыл» немесе «Шахтерды» баптауыңыз мүмкін деп жазды.

- БАҚ-ты онша оқымаймын. Менің тарапымнан мұндай сұрақтарға жауап беру дұрыс емес. Тіпті бірер әңгімелер болса да, мұның өз бағамды көтеру мақсатында айтты деп қабылдағанын қаламаймын.

- Маусымға дайындық қалай өтуде?

- Жоспар бойынша өтіп жатыр. Қорытындылар әр ойын сайын ғана емес, әрбір жаттығу сайын да жасалады. Біз ойыншылардың мүмкіндіктерімен танысамыз. Әзірге бұл іс бойынша олардың қарым-қатынасы мен ойын сапасы позитивті әсер қалдыруда. Менің ойымша, әр матч сайын ойын сапасының динамикасы біз қалағандай тез болмаса да, жетіліп келе жатқанын байқадық.

- Құрам жайлы не айтасыз? Қандай позицияларды күшейту қажет?

- Көптеген ойыншылардың келісім-шарттары бар. Әрбір позицияны күшейткіміз келеді әрине, бірақ біз қолда барға қанағат етеміз. Қазір құрамды жасақтаудың соңғы кезеңі өтіп жатыр. Ойыншыларымыздың мүмкіндіктеріне толықтай көз жеткізгіміз келеді. Мүмкін бір немесе екі позицияны ғана күшейтетін шығармыз.

- Жаңғылышбайдың жарақаты қаншалықты ауыр?

- Жарақат ауыр. Бұл жеке мен үшін өте қиын жағдай. Маған бұл ойыншы алғашқы танысқаннан-ақ ұнаған еді. Бұл өте үлкен соққы.

- Самат Смақов «Ақтөбеде» сіздің басшыңыз еді, ал қазір ол сіздің көмекшіңіз.

- Бұл мені толықтыратын адам. Самат Қабирұлы мені маған жетіспейтін қасиеттермен толықтырады деп сенемін.

- БАҚ өкілдері клубтың Сейду Думбияға қызыққаны жайлы жазған еді.

- Мен бұл туралы ештеңе білмеймін. Бұл сұрақтар негізінде басшылыққа қойылу керек шығар, ал жеке өзім қызықпадым.

- Командаға қандай тапсырмалар жүктелген?

- Тапсырмалар әлі бекітілмеді. Бірақ қазірдің өзінде біздің турнир кестесіндегі алғашқы орындарға таласып, ойын сапасын арттыратынымыз түсінікті.

- «Ақтөбеде» сіз тек жергілікті футболшылармен ойнадыңыз. Жастарға сенуді ары қарай да жалғастырасыз ба?

- Мен команданы сол кездегі жағдайларға байланысты жергілікті ойыншылардан құрдым. Мен жастарға сенгенмін және сенемін, бірақ тек олар маған мүмкіндік беруі қажет.

- Алғашқы ОЖЖ-да БЖМОРСМ, «Оңтүстік», «Мақтаарал» командаларының жас ойыншылары қаралымнан өткен болатын, алайда олардың көбісі жиын аяқталғанда кетіп қалды. Неліктен?

- Олардың қазіргі деңгейі команданың талаптарына сай болмағандықтан кетіп қалды. Бірақ бұл ол ойыншылардың болашағы жоқ дегенді білдірмейді. Біріне қатаю, ал біріне тәжірибе жинақтау қажет. Әрқайсысының өз себептері бар. Сенім артқан әр ойыншы ешқашан назардан тыс қалмайды.

- Сіздің баптауыңызбен Асланбек Кәкімов «Ақтөбе» сапында және Владислав Васильев «Рух» сапында үздік маусымдарын өткізген болатын. Қазір олар команданы күшейтер ме еді? Олар «Ордабасы» сапына ауыса ма?

- Мен әрбір ойыншы жайлы жеке айтқым келмейді. Мен баптаған клубтарымда көптеген сапалы ойыншылармен жұмыс жасадым. Мен ойыншылардың ауысуына жауап беретін агент немесе скаут емеспін ғой. Мен басшылық қойған талаптарды орындайтын бапкермін. Егер басшылық бұл ойыншыларды командаға пайдалы деп санаса, мен жақын таныс ойыншылармен қуана-қуана жұмыс істеуге дайынмын.

– Команда сапында бір жыл бойы бірінші нөмірлі қақпашы атана алмай жүрген Бекхан Шайзада жайлы не айтасыз?

– Өткен шақта не болғанын айту қажет емес деп білемін. Мен Бекхан жақсы қақпашы деп ойлаймын. Мен олардың бақталастықтарын жақсы деңгейде деп ойлаймын және біз тек ең мықты қақпашыға ғана емес, қосымша сенім қажет ойыншыға да мүмкіндік береміз деген сенімдемін.

– Осы жылы Премьер-лигаға «Ақжайық» пен «Арыс» қосылды. ҚПЛ-да 14 команданың өнер көрсететіні туралы не ойлайсыз?

– Мен өте қуаныштымын. Егер де барлық командалар бәсекеге қабілетті болса, менің екі есе қуанатыным сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×