«Шахтер» Армения құрамасының ойыншысын қатарға қоспақ

21.02.2021, 23:13
Соломон соңғы бес жыл бойы Арменияда доп тепті.
«Шахтер» Армения құрамасының ойыншысын қатарға қоспақ

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, артқы жартылай қорғаушы Соломон Удо жақын арада "Шахтермен" келісім-шартқа отырады.

Армения азаматтығына ие 25 жасар сенегалдық футболшы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында бір апталық сынақтан өтіп, өзінің қабілетін қарағандылық клубтың бапкерлер құрамына дәлелдеді.

Жартылай қорғаушы Еуропадағы мансабын бельгиялық "Эйпенде" бастады. Бірақ Удо соңғы 5 жылын Арменияда өткізді, бұл оған осы елдің азаматтығын алуға және ұлттық құрамаға шақырту алуға мүмкіндік берді. Сондықтан Соломон "Шахтерде" легионер болып есептелмейді.

Бұл ойыншыға "Қайсар" да қызығушылық танытты, бірақ Удо Конференция лигасына қатысатын "Шахтер" клубын таңдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×