Александр Седнев: «Мұндай сценарийдің тағы да қайталанғанын қаламаймын»

06.04.2021, 02:29
Пауло мен Тұңғышбаевтың соңғы минуттарда соққан голы командаға жеңіс сыйлады.
Александр Седнев: «Мұндай сценарийдің тағы да қайталанғанын қаламаймын»

Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері «Ақжайықпен» болған ойын (2:1) туралы пікір білдірді:

- Ең жақсысы бұл есеп, меніңше, біз жеңіске лайық болдық. Біз тербетіліп жүріп алдық және осы біздің мәселемізге айналды. Біз бірінші ойынымызда да осы мәселеге тап болған едік, өкінішке орай алғаш рет матч бойы жалғасқан позициялық шабуылға тап болдық. Мүмкін, алаңда болып жатқан жағдайдың барлығын дерлік дұрыс қабылдамаған шығармыз. Өзіміздің ерте ме, кеш пе гол соғатынымызға өте сенімді болғанымыздың кесірінен бүгін біз өз қақпамызға гол соғып, жазаландық. Кездесудің соңында уақыттың тез өтіп жатқанын түсініп, ойынды құтқару үшін жылдамдықты қоса түстік. Мен алаңға ауысып шыққан футболшыларға алғыс айтамын, біз қысымды күшейттік, ал қарсылас болса уақытта соза бастады.

Өкінішке орай, біз бүгін бос стадионда ойнадық, жанкүйерлеріміздің қолдауымен өнер көрсетуді қалаймыз, бұл жайт бәрібір де матчқа әсер етеді. Біз бұл жеңісті дұрыс қабылдап, белгілі бір тұжырымдар жасаймыз деп сенемін. Бүгін жеңіске жету өте қиын болды, сол себепті бұның барлығын түсінуіміз қажет.

Мен өзімнің футболшыларыма жеңіске сенгендері үшін рахмет айтамын. Бір айтарым, біз дүрбелең салмай, жоспар бойынша осындай қысым көрсетіп, ойын тағдырын шешуге тырыстық. Бірақ мен мұндай сценарийдің тағы да қайталанғанын қаламаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×