Үшінші турдың орталық матчында «Тобыл» мен «Астана» тең тарқасты

06.04.2021, 01:51
Ойындағы қос голды да қорғаушылар соқты. Екеуі де бұрыштамадан асырылған допты баспен қақпаға бағыттады.
Үшінші турдың орталық матчында «Тобыл» мен «Астана» тең тарқасты

Бүгін "Астана" мен "Тобыл" арасында үшінші турдың соңғы ойыны өтті. "Тобыл Аренада" өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 31-минутында Сергей Малый бұрыштамадан асырылған пасты сәтті пайдаланып есеп ашты. Ал жауапты голды 83-минутта Жарко Томашевич соқты. "Астана" қорғаушысы да бұрыштамадан асырылған пасты қақпаға дәл бағыттады.

Бұл ойыннан кейін қос команда да 5 ұпайдан жинап, сәйкесінше турнирьік кестеде үшінші, төртінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×