Александр Седнев: «Негізгі құрамның кейбір ойыншыларына қатты тәуелдіміз деп ойламаппын»

04.05.2021, 16:16
Шыменттік клубтың тірегі Жоао Пауло екеніне кеше көзіміз жетті.
Александр Седнев: «Негізгі құрамның кейбір ойыншыларына қатты тәуелдіміз деп ойламаппын»

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Тұранға» қарсы ойын жайлы пікірін айтты:

- Мұндай ойынға пікір айту өте қиын, мен бұл соққы ойыншылар мен бапкерлерге нұқсан келтіреді деп ойлаймын... Ал қабылдауға өте ауыр болған жеңіліске келетін болсақ, ол біздің мәселелерімізді ашып береді. Ең қорқыныштысы, біздің кейбір негізгі құрам ойыншыларына тәуелді екенімізді күтпегенім, жоқтығын білдірмей, орташа командаға айналғанымыз. Бұл тығырықтан шығу үшін бізге бұған дейін де айтқанымдай, мәселені түсініп, өзімізді әлдеқайда жақсы көрсетуге бар күш жігерімізді салуымыз қажет. Менің фуболшыларға айтар артық уәжім жоқ, әсіресе кездесудің екінші жартысында олар жеңуді қалады, бір ғана сұрақ - олардың бұған қауқары жетті ме? Біздің мәселеміз де осы, бұл өте үлкен қиындық. Егер біз өз жауапкершілігімізді сезінбей, өзімізге емес, өзгеге сенсек, алға қарай жылжудың маңызы болмайды. Мен өзімнің жауапкершілігімді түсінемін, бәлкім, сәтсіздіктердің үлесі дәл маған келіп тірелетін болар. Бұл жеңілісті біреуге артпай, өзі жеке ұтылғандай, барлығы да қабылдауы қажет және өз тарапынан бар күш-жігерін салып, бұл қиындықтан шығуы керек.

- Жоао Пауло бүгін қандай себептерге байланысты алаңда бой көрсетпеді?

- Алдында айтқанымдай, көптеген ойыншыларға, соның ішінде негізгі құрам ойыншыларына өте ауыр жүктеме түсті. Жоао осы үш күндік ойын циклінде бұлшық ет қысымын сезінді. Бүгін оның денсаулығы мен чемпионатта ары қарай өнер көрсетуі қауіпті болды, әрине ол бүгін қажет болды және әлбетте, бұл ойын барысында сезілді. Оның денсаулығын тәуекел етуге менің құқығым жоқ, мен біздің барлық ойыншымыз жазылып, команда өз қалпына келіп, жақсы ойнауды бастайды деп сенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×