«Шахтер» мен «Қайсар» жеңімпазды анықтай алмады

03.05.2021 21:50 ҚПЛ

Ойындағы қос голды да алаң иелері соқты.

«Шахтер» мен «Қайсар» жеңімпазды анықтай алмады

Қарағандылық "Шахтер" Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турында қызылордалық "Қайсармен" кездесті. "Астана Аренада" өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Бір қызығы, ойындағы қос голды да алаң иелері соқты. 7-минутта қарағандылық клубтың шабуылшысы Виталий Балашов алғашқы голды соғып, командасын алға шығарды. Ал 81-минутта дәл осы "Шахтердің" футболшысы Евгений Павлов өз қақпасын дәл көздеп, командасын екі ұпайдан айырды.

Жетінші ұпайына ие болған Магомед Адиев шәкірттері турнирлік кестеде он бірінші орынға көтерілді. Алты ұпайы бар қызылордалық ұжым бір саты төменде тұр.

0 пікір