"Ақжайық" Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турында "Жетісу" клубын қабылдады. Матч Оралдағы "Ақжайық" стадионында өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.
Алаң иелері 23-минутта Микола Ковталюктің голының арқасында алға шықты. Ал 41-минутта Александр Кислыцин жауапты голды соқты. Екінші тайм басталған соң Ковталюк тағы да өз командасын алға шығарды. "Жетісудың" бұл голға да жауабы дайын екен. 72-минутта Адам Адахаджиев таразы басын теңестірді. Ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда Ковталюк хет-трик жасап, "Ақжайыққа" үш ұпай сыйлады.
Бұл жеңістен кейін Владимир Мазяр шәкірттері 12 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді. Еншісінде небәрі бір ғана ұпайы бар талдықорғандық клуб ең соңғы орында тұр.