Оңтүстік дербиде «Тұранның» асығы алшысынан түсті

04.05.2021, 01:24
Оңтүстік дербиде «Тұранның» асығы алшысынан түсті

"Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы туры аясында "Тұранмен" кездесті. Матч Шымкенттегі "БИІК" стадионында өтіп, 0:1 есебімен түркістандық клубтың пайдасына аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 30-минутта "Тұран" шабуылшысы Темірлан Әміров соқты. Ал 73-минутта алаңға алаңға шыққан Бағдат Қайыров үш минуттан кейін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Қоржынына алтыншы ұпайды салған түркістандық ұжым он екінші орында қала берді. 13 ұпайы бар "Ордабасы" алтыншы орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×