Александр Седнев: «Осы үзілістен соң толыққанды командаға айналамыз деп сенемін»

16.09.2022, 17:02
Шымкенттік клуб Премьер-лиганың соңғы төрт матчында да жеңілген еді.
Александр Седнев: «Осы үзілістен соң толыққанды командаға айналамыз деп сенемін»

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев сырт алаңда «Қайратпен» болған ойын жайлы пікірін білдірді

- Көптен күткен жеңіс, маңызды әрі қызықты ойындағы ауыр жеңіс, екі жақта да бірдей мүмкіндік болды. Матч жылдам, ашық болды, кейде біздің жолымыз болып қарсылас мүмкіндігін пайдалана алмады және біз де қауіпті сәттерді көптеп жасадық. Бұл ойынды көру жанкүйерлер үшін қызықты болды деп ойлаймын. Қазір біздің жағдай қиын, бірақ футболшылар жақсы жұмыс істеді, мен оларға ризамын. Шымкенттік жанкүйерлерге де ерекше алғыс айтамын, олар алматылық жанкүйерлермен қосыла стадионда тамаша атмосфера жасады. Футболшылар ойнаудан, ал көрермендер көруден ләззат алған секілді. Бүгін бізде мүлдем басқа команда болды, қиыншылықтар артта қалды деп ойлаймын. Біздің жігіттердің мақсаты айқын, өз мүмкіншілігімізді дұрыс жолға жұмсаймыз деп үміттенемін. Баршаңызға рахмет, осы үзілістен соң толыққанды командаға айналамыз деп сенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×