Кирилл Кекер: «Өз алаңымызда жеңілуге құқығымыз жоқ»

16.09.2022, 15:37
«Ордабасының» бұл матчтағы жеңісті голын «Қайраттың» түлегі соқты.
Кирилл Кекер: «Өз алаңымызда жеңілуге құқығымыз жоқ»

«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан чемпионатының 20-туры аясында «Ордабасыға» (1:2) қарсы өткен матч туралы пікірін айтты:

- Стратегиялық тұрғыдан маңызды матчта жеңілдік. Жанкүйерлерден осы нәтиже үшін кешірім сұрағым келеді. Өз алаңымызда жеңілуге құқығымыз жоқ. Десе де, матч қызық өтті. Өкінішке қарай, мүмкіндіктерді пайдалана алмадық, ал соңында «Қайраттың» түлегінен гол жіберіп алдық. Бұл одан сайын ауыр соққы.

Даниланың жарақатына келер болсақ, қаншалықты ауыр екенін білмейміз. Қарсылас ойыншысымен соқтығысқан соң ауырсынды. Қажет тексерісті өткізу үшін алда уақытымыз бар.

Садыбековтың құрамаға шақырту алғанына өте қуаныштымыз. Қазақстан құрамасына көп ойыншымыз шақыртылса екен дейміз. Жалпы алғанда, «Қайрат» ФК жүйесінде әр жастың құрамасына көп ойыншымыз шақырылды. Құрама сапында ойындарға дайындығы жайлы айта алмаймын. Қарау керек. 3 ай бұрын Әділет қазіргі деңгейінде ойнауға дайын болған-болмағанын ешкім білмеді. Ұлттық құрамада да осы жағдай. Оның ойыны оған артылған сенімді ақтай алатын-алмайтынын көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×