Александр Троицкий: “Чесноковтың “Тобылға” оралуы – өзі үшін артқа жасалған қадам“

27.06.2026, 13:48

Журналист Александр Троицкий Қазақстан ұлттық құрамасының вингері Ислам Чесноковтың Қостанайлық "Тобылға" қайта оралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Александр Троицкий: “Чесноковтың “Тобылға” оралуы – өзі үшін артқа жасалған қадам“

Белгілі болғандай, футболшы Қостанайлық клубпен 2,5 жылға келісімшартқа отырмақ.

Журналист футболшының Шотландиялық "Хартс" клубынан кету себебін бапкер ауысуымен байланыстырды және бұл трансферге өз бағасын берді.

"Ислам "Хартсқа" қажет болмай қалды. Бұл жерде бас бапкердің ауысуы да үлкен рөл атқарды. Дерек Макиннес қызметінде өсіп, "Рейнджерске” ауысты. Мен бұл жағдайды Британ футболы үшін өрескел қателік, ал футболшының өзі үшін артқа жасалған қадам деп есептеймін. Ислам елге оралған соң Шотландия лигасына дайын болғанын, тек уақыттың жетпегенін айтатынына күмәнім жоқ. Мен оған 100% сенемін.” — деді Троицкий.

Бірақ, оның айтуынша бұл ауысым Қостанай ұжымының күшін айтарлықтай еселей түспек.

"Тобыл" үшін бұл — сөзсіз үлкен көмек. Алда Конференция лигасы күтіп тұр. Оның үстіне ішкі чемпионаттағы тартыс та оңай болып жатқан жоқ.” 

Сарапшы Исламның бұл оралуын мансабының соңы емес, жаңа бір халықаралық трансфердің бастамасы деп біледі.

"Сондай-ақ, мен оның болашақта Ресей чемпионатына ауысу нұсқасын да тізімнен мүлдем сызып тастамас едім.” — деп қорытындылады журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×