Байсуфиновтың орнын кім баспақ? – Жаңа бапкер іздеу жалғасуда

27.06.2026, 15:53

ҚФФ басшысы Марат Омаров ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін іздеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Байсуфиновтың орнын кім баспақ? – Жаңа бапкер іздеу жалғасуда

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер іздеу процесі қалай жүріп жатқанын мәлімдеді. Tengri Sport басылымына берген сұхбатында ол үміткерлер арасында отандық мамандар да, шетелдіктер де қарастырылып жатқанын атап өтті.

Марат Омаровтың сөзінше, қазіргі таңда федерация ұлттық команда үшін ең тиімді нұсқаны таңдауға басымдық беріп отыр.

Арнайы бапкерлер кеңесі жергілікті және шетелдік мамандардың кандидаттарын жіті талқылауда. Ұлттық құраманың алдына қойылған мақсаттарға ең қолайлы әрі лайықты маман таңдап алынбақ.

ҚФФ президенті бұрынғы бас бапкердің қызметтен кетуіне қатысты жағдайды да нақтылай кетті.

"Қазіргі ең басты міндет — дұрыс бас бапкерді табу. Бас бапкердің отставкаға кетуі оның өз қалауымен, өз бастамасы бойынша болды. Біз бұл шешімді құрметпен қабылдаймыз. Өкінішке қарай, осындай шешім қабылданды, бірақ біз алға жылжып, дамуға тырысамыз. Оның футбол жүйесінде қалатынына өте қуаныштымыз және оған зор алғыс айтамыз.” — деді Марат Омаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×