Дастан Сәтпаев "Челсидің" жиынына қатысу үшін Англияға ұшып кетті, деп хабарлайды Aladop.kz.
17 жасар футболшы Ағылшындық "Челсидің" маусымалды жаттығу жиынына қосылу үшін Лондонға аттанды.
Scout in Eurasia аккаунтының хабарлауынша, Дастанның шетелге сапары отбасының тікелей қолдауымен өтуде.
Англияға жас жұлдызымыз анасымен бірге ұшқан. Ал оны әуежайдан сәт сапар тілеп шығарып салуға ағасы Дархан келген екен.