Александр Зинченко «Манчестер Ситиден» кетеді

19.06.2022, 17:50
Украиналық футболшы алдағы уақытта жартылай қорғаушы ретінде ойнағысы келеді.
Александр Зинченко «Манчестер Ситиден» кетеді

«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Александр Зинченко жазда клубтан кетуі мүмкін, деп жазады журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің айтуынша, «Ман Сити» украиналық футболшыны жіберуге дайын, өйткені клуб «Брайтон энд Хоув Альбионның» қорғаушысы Марк Кукурельяны сатып алғысы келеді.

Айта кетейік, Зинченконы «Эвертон» сатып алуды көздеп отыр. Бұған дейін футболшы «Манчестер Ситиден» кетуге дайын екенін мәлімдеген еді, бірақ ұсыныс жасайтын клубтар оны жартылай қорғаушы позициясында ойнатуы керек.

Александр Зинченконың «Манчестер Ситимен» келісім-шарты 2024 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы Украина құрамасының ойыншысын 25 миллион еуроға бағалап отыр.

Өткен маусымда Зинченко «Манчестер Сити» жейдесінде 28 матч өткізіп, бес нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×