«Ливерпуль» Садио Маненің орнын басатын футболшы тапты

19.06.2022, 17:15
Испаниялық футболшының қазіргі келісім-шарты келесі жазда аяқталады.
«Ливерпуль» Садио Маненің орнын басатын футболшы тапты

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Марко Асенсио мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. 26 жастағы футболшыға «Ливерпуль» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды AS басылымы.

Дереккөздің келтірген мәліметіне сенсек, мерсисайдтық клуб футболшының өкілдерімен байланысқа шығып үлгерген. Ағылшын клубы Асенсионы «Ливерпульден» кеткелі жатқан шабуылшы Садио Манені алмастыратын ойыншы ретінде қарастыруда. Испаниялық футболшы да тұрақты түрде ойнау үшін командасын ауыстырғысы келеді.

Марко Асенсионың «Реал Мадридпен» келісім-шарты 2023 жылдың жазында аяқталады.

Испаниялық ойыншы өткен маусымда мадридтік клуб үшін 42 ойында 12 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы 26 жастағы футболшының нарықтық құнын 40 миллион еуроға бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×