«Челсидің» сәтсіз трансферлер тізімі жарияланды

19.06.2022, 04:18
Лондондық клуб тізімдегі ойыншылардың барлығына дерлік көп ақша төледі.
«Челсидің» сәтсіз трансферлер тізімі жарияланды

Daily Mail газеті лондондық «Челсидің» жасаған ең нашар трансферлер тізімін жариялады. Антирейтингте шабуылшы Ромелу Лукаку көш бастады.

Бельгиялық футболшыдан кецін «Челсидің» экс-форварды Альваро Мората тұр, ол үшін 66 миллион еуро төленген еді. Үшінші орынға 80 миллион еуроға сатып алынған испаниялық қақпашы Кепа Аррисабалага жайғасты.

Бұл тізімде қорғаушы Абдул Рахман Баба, жартылай қорғаушылар Тьемуэ Бакайоко, Дэниел Дринкуотер, шабуылшылар Андрей Шевченко, Миша Батшуайи, Фернандо Торрес және Тимо Вернер бар.

Еске салайық, 2021 жылдың тамызында «Челси» Лукакуды «Интерден» 113 миллион еуроға сатып алған болатын. Шабуылшы содан бері 44 ойынға қатысып, 15 гол мен 2 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Дәл қазіргі сәтте «Интер» Лукакуды жалға алу үшін «Челсимен» келіссөздер жүргізуде. Лондондықтар миландық клубтың ұсынған 5 миллион еуросынан бас тартты. Алдағы уақытта келіссөздердің жаңа кезеңі басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×