Александр Зуев Қазақстан құрамасында ойнау үшін қомақты қаржы талап еткен

29.09.2021, 23:12
Жақында ғана қос тараптың келіссөздер жүргізгені хабарланған еді.
Александр Зуев Қазақстан құрамасында ойнау үшін қомақты қаржы талап еткен

"Рубин" клубының 25 жастағы жартылай қорғаушысы Александр Зуев әлі Қазақстан құрамасында ойнауға келісімін бермеді. Бұл туралы "Гол емес" телеграм-арнасы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, футболшының өкілдері келісім үшін 300 мың доллар алғысы келген көрінеді.

"Рубиннің" жартылай қорғаушысы Александр Зуев Қазақстан құрамасындағы ойынына қатысты ҚФФ-на әлі толық келісім бермеді.

Бастапқыда Зуевтің өкілдері ұлттық құрамада ойнауға келіскені үшін 300 мың доллар сұраған деген ақпарат бар», - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, Зуев мәскеулік "Спартактың" түлегі. Ол Қостанайда туып, жас кезінде Ресейге қоныс аударған. Бала кезінде "Тобыл" клубының құрылымында жаттыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×