Алексей Бага: «Мен Қазақстандағы жұмысымнан ұялмаймын»

18.05.2021, 18:59
Бага «Ақтөбе» сапында тоғыз ойын өткізіп, тоғыз ұпайға қол жеткізді.
Алексей Бага: «Мен Қазақстандағы жұмысымнан ұялмаймын»

40 жастағы беларусь маманы Алексей Бага "Трибуна" басылымына берген сұхбатында "Ақтөбеде" жақсы нәтижеге қол жеткізе алмауының басты себептерін айтты:

- "Ақтөбемен" келісім-шартқа отырғаннан кейін бірден сіздің клубтан кететініңіз туралы ақпарат пайда болды. Бұл рас па?

- Төрт ай Қазақстанда болып, мұның Қазақстан үшін және футбол тақырыбы үшін жаңалық емес екенін түсіндім. Жалған жаңалықтарымен арандататындар инсайдерлер бар. Бұл адамдар сол аймақтан болатын.

Менің міндетім топпен жұмыс жасау болды. Жаңалықтарға назар аудармаймын. Бұл менің жұмысым емес. Мұны кім жасады және оның артында кім тұрғанын мен қазір білмеймін.

- Жақсы нәтиже көрсетуге не кедергі болды?

- Мен Қазақстандағы жұмысымнан ұялмаймын. Сіз команданың Бірінші лигадан келгенін түсінуіңіз керек. Құрам 80 пайызға жаңартылды. Көптеген жігіттер командаға маусымның басталуына 10 күн қалғанда қосылды. Стадион дайын болмады. Біз Алматыдағы қонақ үйде бір жарым ай тұрдық, жасыл алаңда ең көп дегенде бір жарым сағат қана дайындалдық.

Бастапқы тоғыз турдың жетеуін сырт алаңда өткіздік. Құрам жаңартылды, жаңа ойыншылар келді. Содан кейін Рамазан айы басталды. 5 адам ораза ұстады. Бұл жаттығу процесінде олардың дайындығына өз әсерін тигізді. Көптеген факторлар бар. Мен ақталып жатқан жоқпын, бұл менің кемшіліктерім мен қателіктерім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×