Дмитрий Шомко: «Қазақстанда сынап бағанасы 40 градус болған күннің өзінде матчтарды кейінге қалдырмайтын»

18.05.2021, 22:11
31 мамырда Шомконың волгоградтық клубпен келісім-шарты аяқталады.
Дмитрий Шомко: «Қазақстанда сынап бағанасы 40 градус болған күннің өзінде матчтарды кейінге қалдырмайтын»

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко Vesti.kz сайтына берген сұхбатында осы маусымдағы «Ротордың» соңғы матчы, Алексей Щеткиннің команда ойынына тигізген әсері мен Ресейдегі мансабының жалғасуы туралы айтты.

Айта кетейік, Шомко жарақатына байланысты маусымның соңғы бөлігін өткізіп алды, қазір қайта қалыпқа келу кезеңінен өтіп жатыр.

- Дмитрий, өткен ойындағы Деспотовичтің соңғы минуттардағы пенальтиін, кейінге шегерілген «Уфа» – «Арсенал» кездесуін ескерсек, «Рубинмен» болған матч кезінде қандай сезімде болдыңыз? 

- Мен матчты үйде көрдім және команда үшін қатты уайымдадым! Маған да, командаға да қиын болды, менің ойымша, жігіттер өте жақсы ойнады. Шынымды айтсам, «Уфа» – «Арсенал» матчы спорттық принципке сай басталмады. Мен бәрін түсінемін, күн ыстық болды және ойнау мүмкін емес болған шығар, бірақ маған сеніңіз, мен өз мансабымда бұдан да қиын жағдайда ойнадым. Атырауда сынап бағанасы +40 градусты көрсеткен кезде де және жасанды алаң болған күннің өзінде де Қазақстанда матчтар кейінге қалдырылмайтын.

- Сіздің ойыңызша, команданың маусым соңында жақсы ойнауына не себеп болды? Алексей Щеткиннің осылай өзгеруіне не көмектесті?

- Барлығы Премьер-лигада қалғысы келетіндігін түсінді. Бірақ, өкінішке орай, олар бұл тапсырманы орындай алмады. Щеткин наурыз айында жарақат алғаннан бері көп жұмыс істеді. Ол тезірек оралғысы келді. Менің ойымша, ол команда ойындарын шынымен сергітіп, маңызды голдар соқты.

- «Ротор», өкінішке орай, ФНЛ-ге ұшып кетті, келісім-шартыңыз аяқталды ма? РПЛ-ден ұсыныстар бар ма? Әлде Қазақстанға оралуыңыз мүмкін бе?

- Біраз уақыттан кейін сізге толық ақпарат беремін, өйткені қазір РПЛ-ден екі-үш нұсқа бар. Одан да бұл сұрақты менің агентіме қойғаныңыз дұрыс болады. Келісім-шартым 31 мамырда аяқталады, содан кейін мен еркін агент атанамын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×