Карим Бензема Франция құрамасына қайта оралуы мүмкін

18.05.2021, 22:32
Франция құрамасы 14 қарашада Қазақстан құрамасымен кездеседі.
Карим Бензема Франция құрамасына қайта оралуы мүмкін

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бенземаны ұлттық құрамаға қайтару мәселесін қарастыруда, деп хабарлайды L'Equipe басылымы.

Еске салайық, жазда Франция құрамасы Еуропа чемпионатында бақ сынайтын болады. Турнир 11 маусым мен 11 шілде аралығында өтеді. Франция құрамасы Германия, Венгрия және Португалия командаларымен бір топта ойнайды.

Бұған дейін Бенземаның үстінен «Олимпиакостың» жартылай қорғаушысы Матье Вальбуэнаны интимдік мазмұндағы бейнетаспамен бопсалауына байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Осы жағдайдан кейін, Бензема мен Вальбуэна Франция құрамасынан шеттетілді. Ал Карим өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды.

Бензема Франция құрамасына 2007 жылдан бері шақыртылып келеді. 2015 жылға дейін ұлттық құрама сапында 81 ойынға қатысып, 27 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×