Алексей Бага: «Нәтиже бойынша болып жатқан мәселелерді өзіміз шешуіміз керек»

01.05.2021, 04:10
«Ақтөбенің» жеңісті тойламағанына үш матч болды.
Алексей Бага: «Нәтиже бойынша болып жатқан мәселелерді өзіміз шешуіміз керек»

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Алексей Бага Премьер-лиганың тоғызыншы турында «Астанаға» қарсы өтетін кездесу туралы ойымен бөлісті:

- Біз соңғы кезде болып жатқан жағдайларға қарамастан, ойынға әдеттегідей дайындалып жатырмыз. Бізге чемпионаттың көшбасшысы келеді - жақсы жасақталған команда, әр позициясында шебер футболшылар, көшбасшылар бар. Дегенмен, біз алдымен өз мәселемізден бастауымыз керек, біз мұндай жағдайларды алаңнан тыс жердегі кез-келген пікірлерге қарамастан шеше аламыз. Сондықтан біз чемпионаттың көшбасшысын қабылдауға жақсылап дайындалып жатырмыз. Қайталап айтамын, нәтиже бойынша болып жатқан мәселелерді өзіміз шешуіміз керек.

Егер футболшылардың денсаулығы туралы айтатын болсақ, жеңіл жарақат алған ойыншылар бар. Бұл қалыпты жағдай, себебі сегіз тур артта қалды. Бұл көгалдың өзгеруіне байланысты, кейбір ойыншылардың ескі жарақаттары сыр беруде. Бірақ менің ойымша, мұндай жеңіл жарақаттар олардың ойнауына кедергі болмайды. Ойын жақындағанда кімнің негізгі құрамда шығатынын және кімнің қосалқы құрамда қалатынын анықтаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×